Қоғам

«Тұрмыстық зорлық-зомбылықсыз Қазақстан!» челлендж флешмобы өткізілуде

Ішкі істер министрлігі жариялаған «Заң мен тәртіп» құқық бұзушылықтың алдын алу жылы аясында 20 сәуірі мен 20 маусымы аралығында, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру және республикааралық іс-қимыл форматындағы кең ауқымды іс-қимыл аумағын кеңейту мақсатында «Тұрмыстық зорлық-зомбылықсыз Қазақстан!» челлендж флешмобының өткізіліп жатыр. Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Астана қаласы Полиция департаменті Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Гүлмира Шрахметова іс-шараның маңызы, мақсаты туралы айтты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Іс-шараның мақсаты – қоғам назарын тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесіне аудару, отбасында сыйластық, өзара көмек көрсету принциптерін насихаттау және ішкі істер органдарына халықтың сенімін нығайту.

«Осы аталған іс-шара аясында біз де челленджді елордамызда 4 ай қортындысы бойынша тұрмыстық зорлық-зомбылық саласындағы ахуалмен таныстыруды жөн көрдік. Алдын алуды күшейту мақсатында есепте тұрған контингентпен жұмыс күшейтілді», – дейді спикер.

Құқық бұзушылардың мінез-құлқына 353 арнайы талап белгіленді (алкогольді ішуге тыйым салу, қару ұстауға тыйым салу, жәбірленушімен сөйлесуге тыйым салу); бұзушылықтары үшін 131 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды (ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабы, 2-бөлігі); отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтар бойынша 3 412 қорғау нұсқамалары шығарылды; сол қорғау нұсқамасының талаптарын бұзғаны үшін 169 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды (ҚР ӘҚБтК-нің 461-бабы);
Дағдарыс орталықтарына 201 адам орналастырылды, оның ішінде 142-сі – кәмелетке толмағандар.

Қоғамда күзет қызметі саласындағы құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру мақсатында биыл 80 кешенді жұмыс, 94 түсіндіру жұмысы, 23 жеке қабылдау және 124 агрессормен жұмыс жүргізілді.

2025 жылдың 4 айында 2093 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 102 арнасына түскен хабарламалар саны – 3 076.

Тұрмыстық құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғандар – 2910;
Профилактикалық есепке алынғандар саны – 3765;
Уақытша ұстау бөлемсіне қамалғандар – 1750.

«Полиция департаменті профилактикалық іс-шараларды күшейту үшін мүдделі мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғам институттарымен бірлесіп жұмыс істеу тәжірибесін жинақтады.
Зорлық-зомбылық қылмыстарының алдын алу мақсатында тұрмыстық қатынастардағы зорлық-зомбылық қаупін бағалаудың бекітілген стандарты бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр», – дейді Гүлмира Шрахметова.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button