Мәдениет

Тұрғындардың талабын тыңдады

Алаш тас жолы, 22/2А мекенжайындағы орталық базарда «Заң және тәртіп» апталығы аясында азаматтарды қабылдау іс-шарасы өтті.

Бұл жолы базар тек сауда жасайтын жер ғана емес, құқықтық мәселелер талқыланатын алаңға айналды. Іс-шараның негізгі мақсаты – тұрғындардың көкейіндегі сұрақтарды жедел қарастырып, мемлекеттік органдар мен халық арасындағы байланысты нығайту. Прокуратура, полиция, Төтенше жағдайлар басқармасы, Мемлекеттік кірістер органдары мен санитарлық қызмет өкілдері азаматтардың сұрақтарына сол жерде жауап берді.

Қабылдауға келген тұрғындардың бірі – Элмира Күзденбаева. Айтуынша,  бұрынғы күйеуі табысын жасыру арқылы алиментті ең төменгі мөлшерде төлеп жүрген көрінеді. Осы мәселе жөнінде прокурордан көмек сұрады.

«Күйеуім нақты табысын жасырып жүр. Ол Шымкентте тұрады, сондықтан мен сол жақтағы қадағалаушы органдарға жүгінуім керек екен. Табысын жасырып отырғанын дәлелдесем, алиментті қайта есептетуге өтініш бере аламын. Прокурордан толық әрі нақты кеңес алдым, енді нақты әрекет етемін» дейді ол.

Қабылдау барысында кәсіпкерлердің құқықтары, төтенше жағдай кезіндегі әрекет ету алгоритмдері, салық мәселелері, санитарлық талаптар мен тұрғын үй бағдарламалары туралы да сұрақтар көтерілді. Барлық сұрақтар нақты қаралып, тиісті түсініктемелер берілді.

Байқоңыр ауданы прокурорының орынбасары Саламат Тәңірбергеннің айтуынша, мұндай ашық форматтағы қабылдаулар Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде республика көлемінде өткізілуде.

– Біздің мақсатымыз – халықпен ашық диалог орнатып, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Мемлекеттік органдар жазалау үшін емес, ең алдымен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін жұмыс істейді. Біз бүгін сағат 12:00-ден 18:00-ге дейін кеңес бердік. Ең бастысы, халықтың сұрақ қоюдан қорықпауы, – деді ол.

Азаматтармен бетпе-бет тілдесу – халыққа жақын әрі тиімді тәсіл екенін іс-шара дәлелдеді. Ұйымдастырушылар мұндай форматтағы қабылдауларды тұрақты түрде өткізу жоспарда бар екенін айтты.

Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button