Басты ақпаратҚала мен сала

Тұрғын алаптар түрленіп келеді

Байқоңыр ауданы әкімінің Өндіріс және Кирпичный елді мекен­дерінің тұрғындарымен кездесуінде тұрғын алаптарды көркейту жұмыстары талқыланды. Азаматтар алдымен қауіпсіздік, абаттандыру және жеке мердігерлердің аяқталмаған жұмыстары туралы мәселелерді алға тартты.

Азаматтар алдымен қауіпсіздік, абаттандыру және жеке мердігерлердің аяқталмаған жұмыстары туралы мәселелерді алға тартты. Алғашқылардың бірі болып сөз алған тұрғын Чехоев және Арқалы көшелеріндегі кабельдің дұрыс тартылмағанын айтып, қазылған траншеялар ашық күйінде қалғандықтан, өтіп бара жатқан адамдарға қауіп төндіретінін жеткізді. Әкім мәліметтерді нақтылап, мердігерді қайта шақыру және кемшіліктерді жоюды жеделдету туралы тапсырма берді.

– Аптаның соңына дейін уақыт береміз. Егер міндеттемелер орындалмаса, материалдар полицияға жіберіледі, – деді Байқоңыр ауданының әкімі Талғат Рахманберді.

Елді мекен тұрғындары көптен бері осы аудан аумағында аялдамалар орнатуды сұрап келеді. Алайда мамандар жолдың ені аялдаманы қауіпсіз орналастыруға мүмкіндік бермейтінін айтуда. Тұрғындардың сөзінше, Арқалы көшесіне бұрылатын жерде тоқтайтын автобусқа егде адамдардың мініп-түсуі өте ыңғайсыз, құлап кету қаупі бар. ­Аудан әкімі бұл мәселе әлі де бақылауда екенін атап өтті.

Кездесуде абаттандыру мәселелері де айтылды. Аудан әкімі өткен жылы ­аудан аумағындағы 132 аула, ал ағымдағы жылы 138 аула абаттандырылғанын, оның ішінде 116 аулада жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілсе, 22 аула кешенді жұмыстар жүзеге асырылғанын, жаңа балалар және спорт алаңдары, шағын сәулет нысандары, жарықтандыру және көгалдандыру элементтері орнатылғанын атап өтті.

Аймақ тұрғындарын қауіпсіздік мәселесі қатты алаңдатады. Мәселен, ересек адамдар жұмысқа, балалар сабаққа баратын қарбалас уақытта Аққайың және Жолымбет көшелерінде көлік ағыны көп болады, ал балалар алаңы орналасқан Ырыс көшесі аса қауіпті көрінеді. «Сармат» моншасы маңындағы автотұрақ мәселесі де өткір тұр, оған келушілері жолды тарылтуда. Тұрғындардың айтуынша, заңсыз қоршау мен ретсіз тұрақ болғандықтан, тіпті автобуспен жүру қиынға соғады. Чехов көшесінің қиылысындағы жол ашылса, мәселе шешілер еді.

Үйсіз азаматтардың қыста «жылы» аялдамаларды тұрақ мекеніне айналдыруы, осындай адамдардың аялдама павильондарында түнеуі жиіледі. Тұрғындар қаланың барлық аудандарында шағын бейімделу пункттерін құруды қарастыруды ұсынды. Аудан әкімінің мәлімдеуінше, ағымдағы жылы аялдама кешендерін жаңғырту жұмыстары жалғастырылды. Ауданда 208 аялдама бар, оның 141 – і ашық, 56 – сы жабық, ал тағы 11 аялдама инвесторлар есебінен салынды, 2025 жылы жаңа форматтағы 14 аялдама орнатылды.

Кездесуде медициналық қызметтердің қолжетімділігі сөз болды. Бірнеше үйдің тұрғындары мамандарға жолдама алу үшін өте алыс орналасқан ­­№ 8 емханаға бекітілді, ол жерге бірнеше автобуспен ауысып бару керек, оларға № 2 емхана әлдеқайда жақын. Бұл ретте Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері еркін тіркелу мерзімдері бар екенін және мәселені тек белгіленген науқан аясында қарастыруға болатынын түсіндірді.

– Биылғы жұмыстың маңызды ба­ғыт­тарының бірі – су басқан учаскелер мәселесін шешу болды. Барлығы 2024 жылдан бастап 41 учаскеде проблемалар шешілді. 2025 жылы 21 учаске бойын­ша жұмыстар жүргізілді, – деді аудан басшысы.

Тұрғын үй кешендеріндегі жеделсатылардың жұмысы да өзекті. Бастамашыл топтың өкілі азаматтар лифттердің жай-күйіне алаңдайтынын және осы мәселені үйді жөндеу бағдарламасына қосуды талап ететінін жеткізді.

Аудан әкімінің айтуынша, биыл жалпы ұзындығы 9 шақырымнан асатын 7 көшеге, оның ішінде Кенесары, 191, Егемен Қазақстан, Чехоев көшелері және т.б. маңызды көлік артерияларына жөндеу жүргізілді. Сонымен қатар, жалпы ұзақтығы 6 шақырымға жуық 21 көшеге фрезерленген материал төгілді, бұл жол жүруді жақсартуға және қозғалыс қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік берді.

Кездесу соңында Талғат Рахманберді аудандық билік тұрғындардың өтініштеріне жедел ден қоюға дайын екенін, бірақ көптеген мәселелер заңнамамен реттелетінін және меншік иелерінің келісімін немесе сот шешімдерін талап ететінін атап өтті.

Юлия Тен

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button