
Жаңа Конституция жобасында көзделген өзгерістермен таныстым. HoReCa саласында кәсіпкерлікпен айналысатын азамат ретінде бірқатар түбегейлі ұстанымдар маған ерекше мәнді көрінді. Ең алдымен, адамды, оның құқықтары мен қадір-қасиетін ең жоғары құндылық ретінде тану қағидаты айрықша маңызды. Қызмет көрсету саласындағы кез келген кәсіптің өзегінде адам факторына деген құрмет жатыр, бұл қонақтармен де, қызметкерлермен де, іскер серіктестермен де өзара қарым-қатынастың негізі.
Сонымен қатар жеке меншік құқығы мен кәсіпкерлік еркіндігіне берілетін кепілдіктердің күшеюі бизнестің орнықты дамуына сенім ұялатады. Мұндай құқықтық айқындық инвестициялық белсенділікті арттырып, ұзақ мерзімді жобаларды жүзеге асыруға берік негіз қалыптастырады.
Бұдан бөлек, заң үстемдігін нығайту және мемлекеттік институттардың жауапкершілігін күшейту экономиканың сапалы дамуы үшін шешуші мәнге ие. Ережелердің ашықтығы мен түсініктілігі — шағын және орта бизнестің тұрақты өсуінің басты алғышарты.
Бұл өзгерістердің уақыты әлдеқашан жетті деп санаймын. Қазіргі жағдайда елдің де, бизнестің де, қоғамның да жаңа талаптарға бейімделуі заңды әрі қажетті үдеріс.
Мен үшін ұсынылып отырған жаңашылдықтар — тұрақтылықтың, өзара сенімнің және орнықты дамудың кепілі. Сондықтан 15 наурыз күні өтетін республикалық референдумға қатысу — азаматтық жауапкершілігім деп білемін. Бұл қадам еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына жаңа серпін береді деп сенемін.
Дмитрий Инютин,
Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасы жанындағы «HoReCa» салалық кеңесінің төрағасы, кәсіпкер
фото: спикердің жеке архивінен



