Елорда тынысы

Тұрақты комиссияның отырысы өтеді

2025 жылғы 9 қазанда сағат 15:00-де Астана қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

«Елорда тұрғындарының назарына!

Астана қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтеді.

Күн тәртібі:

Елорданың денсаулық сақтау жүйесін дамытудың 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыру: ана мен бала денсаулығы

Баяндаушы:

Алия Шайзадаевна Рустемова– «Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» ММ басшысы.

Отырыс 2025 жылғы 9 қазанда сағат 15.00-де мәслихаттың «Facebook» әлеуметтік желісіндегі аккаунтында онлайн режимінде өтеді (www.facebook.com/maslihat.astana.kz)», — делінген хабарламада.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button