Ел тынысыСаясат

Tumar Group компаниясында конституциялық реформалар туралы кездесу өтті

Астанада Tumar Group құрылыс компаниясының ұжымымен алдағы референдумға қатысты кездесу өтті. Іс-шара барысында Жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары түсіндіріліп, құқықтық жаңғырудың елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпалы сөз етілді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Tumar Group — 2004 жылдан бері Астанада жұмыс істейтін құрылыс компаниясы. Компания тұрғын үй нысандарын жобалау, салу және іске асырумен айналысады. Қазіргі таңда монолитті каркасты, жақсартылған дыбыс оқшаулауы бар және инфрақұрылымы ойластырылған тұрғын үй кешендерін салып, 40 мың шаршы метрден астам тұрғын үйді пайдалануға берген.

Кездесуде Астана қаласы мәслихатының депутаты Азамат Орынбасаров конституциялық өзгерістердің қоғам өміріндегі маңыздылығына тоқталды.
«Жаңа Конституциялық реформа азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтіп, мемлекет пен қоғам арасындағы жауапкершілікті арттыруға бағытталған. Тұрақты құқықтық жүйе — экономиканың барлық саласының, соның ішінде құрылыс индустриясының да тұрақты дамуына негіз болады» деді ол.

Мәслихат депутаты Арсланбек Мағзұм өз сөзінде бизнестің дамуы үшін ашық әрі әділ құқықтық орта қалыптастырудың маңызын атап өтті. «Құрылыс саласы ел экономикасының маңызды драйверлерінің бірі. Конституциялық жаңғыру кәсіпкерлік бастамаларды қолдауға, инвестициялық ахуалды жақсартуға және қалалардың тұрақты дамуына жаңа мүмкіндіктер ашады» деді депутат.

Кездесу барысында құрылыс саласының өкілдері өз пікірлерін білдіріп, сұрақтарын қойды. Диалог ашық әрі мазмұнды форматта өтті.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button