Құқық

Түнгі рейдке шықты

Астананың Нұра ауданында полиция және аудан әкімі аппаратының қызметкерлері «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында профилактикалық жұмыс жүргізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Рейд барысында кәмелетке толмағандар арасында ҚР заңнамасын бұзу бойынша 8 факті анықталды.

Барлық заңды өкілдер ҚР ӘҚБтКнің 442-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, яғни кәмелетке толмағандар түнгі уақытта ересектерсіз жүрген. Сонымен қатар аудан аумағында орналасқан ИВИ, БХБ және «Хан Шатыр« түнгі мекемелерінде тексеру жүргізілді.

«Құрметті ата-аналар, сақ болыңыз! Балалардың қауіпсіздігі мен бақылауы біздің ортақ жауапкершілігіміз екенін еске саламыз»,-дейді полиция қызметкерлері.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button