Құқық

«Түнгі қаладағы балалар» рейді өтуде

Елордада 27-29 шілде аралығында «Түнгі қаладағы балалар» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Іс-шараның мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ олардың түнгі уақытта ересектердің еріп жүруінсіз қоғамдық орындарда жүрген жағдайларын анықтау және жолын кесу.

Жыл басынан бері түнгі уақытта ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз 4559 жасөспірім анықталды. Алдыңғы жылмен салыстырғанда екі есе көп екенін байқаймыз. Көбіне жасөспірімдер сауда-ойын-сауық орталықтарында, саябақтарда, компьютерлік және түнгі клубтарда түнгі уақытта көп жүреді. Негізгі назар – түнгі уақытта қоғамдық орындарда ата-аналарынсыз немесе заңды өкілдерінсіз жүрген кәмелетке толмаған жасөспірімдерге аударылды.

Полиция қызметкерлері мен басқа да мүдделі органдар өкілдері жасөспірімдермен және олардың ата-аналарымен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Әсіресе, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 442-бабының сақталуына назар аударылды. Аталған баптың 2-бөлігіне сәйкес, кәмелетке толмаған тұлғаның (18 жасқа дейін) түнгі уақытта (сағат 23:00-ден 06:00-ге дейін) қоғамдық орындарда ата-анасының немесе заңды өкілінің еріп жүруінсіз жүруі әкімшілік құқық бұзушылық болып саналады. Мұндай құқық бұзушылық үшін ата-аналарға ескерту, 3 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл қарастырылған.

Сонымен қатар, ата-аналармен және жасөспірімдерге профилактикалық және түсіндіру жұмысы жүргізіліп жатыр. Жеке түсіндіру әңгімелері өткізіліп, балаларды тәрбиелеу мен бақылау бойынша міндеттерді еске салатын жадынамалар таратылуда.

Кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігі – мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғамның басты міндеттерінің бірі. Бұл үдерісте отбасы, мектеп, профилактикалық органдар мен волонтерлік ұйымдардың рөлі ерекше.

Ата-аналарға ескертеміз:
1. Балаңыздың күн тәртібін қадағалаңыз: сағат 22:00-ден кейін ойын-сауық мекемелерінде және 23:00-ден кейін үйден тыс жерде ересектерсіз болуына жол бермеңіз.
2. Әсіресе, демалыс кезінде, баланың бос уақытын бақылауда ұстаңыз.
3. Қиындықтар туындаған жағдайда немесе көмек қажет болғанда балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша құзыретті органдарға жүгініңіз.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button