Елорда тынысы

Төрт мың әке қар күреді

Астанада «Таза Қазақстан» акциясы аясында «200 мектеп және балабақша – 4000 әке» қар күреу экочелленджі өтті.

Экочеллендж акциясына мектеп оқушыларымен қатар 4 мың әке қатысты. Олар мектеп және балабақша ауласын қардан, мұздан тазартты.

«Бұқаралық іс-шара «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы мен республикалық «Таза Қазақстан» бастамасы аясында ұйымдастырылды. Мұндай іс-шаралар баланың бойында жауапкершілік, адамгершілік, адалдық секілді қасиеттердің қалыптасуына септігін тигізеді. Экочелленджді ұйымдастыруға Астана қаласының Білім бас­қармасы қолдау көрсетті. «Әке­лер одағы» атынан алғысымызды білдіреміз» деді республикалық «Әкелер одағы» Астана қаласы филиалының төрағасы Бекдайыр Күзембай.

Экочеллендждің басты мақсаты – білім беру ұйымдары мен ата-­аналар қауымдастығы арасындағы байланысты нығайтып, тәрбие ісіндегі әкенің рөлін арттыру.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button