Құқық

Тіл жанашыры – елордалық тергеуші

«Мемлекеттік тіл – тек қарым-қатынас құралы емес, ол – елдің тәуелсіздігі мен бірлігінің тірегі. Әрбір азамат ана тілін қадірлеуді өзінен бастауы тиіс» дейді Астана қаласы Полиция департаменті Тергеу басқармасының тергеушісі полиция подполковнигі Нұрбақыт Жанхан.

Нұрбақыт – құқық қорғау саласында 23 жылдан астам уақыт бойы абыроймен еңбек етіп келе жатқан тергеу­ші. Ол еңбек жолын қарапайым тергеушіден бастап, талмай ізденіс пен кәсіби тәжірибесінің арқасында өзінің біліктілігін дәлелдеді. Қызмет барысында жауапкершілік, әділдік пен табандылық танытып, сан қилы күрделі істерді сәтті ашуға атсалысты.

Тәртіп сақшысы – көпбалалы әке. Бос уақыты бола қалса отбасына, жақындарына арнайды. Табиғат аясында серуендегенді, велоспорт, атқа міну және ауыр атлетикамен айналысады. Жыл сайын жүгіру марафонына қатысады. Білімге деген ынтасы мен талпынысының арқасында магистратураны және докторантураны тәмамдап, ғылыми ізденістерін кәсіби тәжірибесімен ұштастыр­ған. Ол – жас мамандарға тәлімгерлік етіп, өз тәжірибесін үйретуден жалықпайтын, ұжым ішінде беделді әрі сыйлы қызметкер.

Мемлекеттік тілді жетік меңгерген, құжаттарды сауатты рәсімдеуде, ресми стильде жазуда ерекше үлгі көрсететін маман. Оның іс жүргізу тәжірибесі – әріптестері үшін әдістемелік құрал іспетті. Тергеушінің мемлекеттік тілге деген құрметі әр іс-әрекетінен көрінеді.

– Қоғамға адал қызмет ету – өмірлік ұстанымым. Тергеуші кәсібіне берік, әділдікті ту еткен, парасатты да білімді тұлға болуы керек. Бұл мамандыққа сонымен қатар табандылық пен кәсібилік аса қажет. Мемлекеттік тілге деген құрметім жас буынға үлгі болса екен, – дейді Н.Жанхан.

Тілдер күні қарсаңында оның қызметі мен еңбегі ерекше мәнге ие. Ол өз кәсібі арқылы заңдылықты ғана емес, тіл мәдениетін де насихаттап, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға зор үлес қосып келеді. Әріптестері оны мемлекеттік тілде сөйлеп қана қоймай, іс қағаздарды да мінсіз жүргізетін, шынайы тіл жанашыры ретінде                                        құрметтейді.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button