Елорда тынысы

«Тіл – татулық тірегі»

Астана қаласы, Байқоңыр ауданының әлеуметтік қызмет көрсету орталығында Қазақстан халқының тілдері күніне орай «Тіл – татулық тірегі» атты әдеби-танымдық сабақ өткізілді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Әдеби шараға Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында тіл үйренуші зейнеткерлер мен «Ұрпаққа аманат» зияткерлік клубының мүшелері, тіл жанашырлары қатысты. Жиынның басты мақсаты – мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, тіл үйренуге ынталандыру және тілдік қатынас арқылы ұлтаралық достықты кейінгі ұрпаққа насихаттау.

Әдеби сабақ барысында зияткерлік клуб мүшелері мемлекеттік тіл тақырыбында даналық ойларын жатқа айтып, өздерінің тілге деген құрметі мен жанашырлығын паш етті. Ал бастауыш топ тіл үйренуші зейнеткерлер тіл туралы қанатты сөздерді жатқа оқып, өздерінің тілді үйренуге деген құлшынысын көрсетті.
Сабақтың мазмұнын тереңдете түскен бөлімдердің бірі – Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы туралы айтылған мазмұнды деректер болды. Шара барысында сөз алған Байқоңыр ауданының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы, қазақ тілі үйірмесінің жетекшісі Маржан Пірімбетова:

«Ахмет Байтұрсынұлының тіл үшін атқарған еңбегі – баға жетпес мұра. Ол – ұлт тілі арқылы елді біріктіріп, бірлік пен татулыққа бастайтын жолды көрсетті. Ахмет атамыз: „Тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады“ деп бекер айтпаған. Бүгінгі «Тіл – татулық тірегі» атты шара – сол асыл мұраның жалғасы, мемлекеттік тілге деген ортақ құрметтің көрінісі», – деп атап өтті.

Әдеби-танымдық сабақ соңында Мұхтар Шахановтың «Тіл мен Рух» әні шырқалып, жиынның мазмұнын рухани тұрғыда байыта түсті.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button