Ел тынысы

«Тіл шебері» республикалық байқауы мәресіне жетті

 Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің ұйымдастыруымен және Түркістан облысы әкімдігінің атсалысуымен Қазақстан халқы тілдері күні қарсаңында, Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай «Тіл шебері» республикалық байқауы өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Байқауға 15 өңірден іріктеуден өткен мемлекеттік қызметшілер қатысты. Байқау үш кезеңнен тұрды:
бірінші кезеңде қатысушылар қазақ тіліндегі көнерген сөздердің мағынасын ашты.

Екінші кезеңде орыс тілінде Қазақстанның аймақтары мен ұлттық құндылықтары туралы сұрақтарға жауап берді.
Үшінші кезеңде ағылшын тілінде Қазақстанның ұлы тұлғалары мен ұлттық дәстүрлері туралы танымдық тақырыптардың мағынасын ашты.

Қазылар алқасы құрамында үш тілді меңгерген филолог ғалымдар мен түрлі сала мамандары болды. Олар қатысушылардың тілдерді меңгеру деңгейі мен кәсібилігін жоғары бағалап, байқау қорытындысы бойынша төмендегідей шешім қабылдады:

І орын: Нұрғазы Ардақ Әділғазықызы – Алматы қаласы әкімі аппараты тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің бас инспекторы;
ІІ орын: Бердібек Нұрхат Маратұлы – Қызылорда облысының дін істері басқармасы, Бөлім басшысы.
ІІІ орын: Жақсан Рауан Оразалыұлы – Қостанай облысы бойынша тексеру комиссиясының бас инспекторы-мемлекеттік аудиторы,Мұханбетқалиев Дәулетжан Бақытжанұлы – Орал қаласының Зачаган кенті әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің Абаттандыру бөлімінің бас маманы.

Ынталандыру сыйлығы: Бекмұханбет Ринат Салтанатұлы – Атырау облысы, Мукашев Сламбек Еркебаевич – Алматы облысы,Бердібек Сұлтан Сәбитұлы – Түркістан облысы,Жантаева Алия Айтуаровна – Ақмола облысы,Бейсалы Мадияр Берікұлы – Ұлытау облысы. Қалған қатысушыларға алығысхат берілді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button