Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы

Биыл маусым мен шілде айларында діни радикализмді қолдаушыларға қатысты бірқатар сот шешімдері күшіне енді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Шымкент қаласының соты аталған мегаполис тұрғынының бірін терроризмді насихаттағаны үшін кінәлі деп танып, 7,5 жылға бас бостандығынан айырды.
ҰҚК жүргізген қылмыстық іс шеңберінде оның бейбіт тұрғындарға қарсы зорлық-зомбылықты жасауға шақырғаны анықталды.
Интернеттегі экстремистік мазмұнның әсерінен радикалданған.
Астана соты ҚР аумағында терроризмді насихаттаумен және экстремистік топтарға адамдарды тартумен айналысқан шетелдік азаматты 8 жылға бас бостандығынан айырды.
Жалпы жыл басынан ҰҚК тергеп-тексерген қылмыстық істер бойынша террористік және экстремистік қылмыстар жасағаны үшін 60-тан астам адам, оның ішінде 3 шетелдік азамат түрмеге қамалды.