Ел тынысы
Теміржол билеттерінің 80%-ы онлайн сатылады

ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында Теміржол және су көлігі комитетінің төрағасы Жәнібек Тайжанов осындай мәліметтерді келтірді. Ведомство өкілі сондай-ақ сұраныстың жоғары кезеңінде «күту парағы» қызметі сәтті іске асырылатынын айтты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
«Сондай-ақ ұлттық тасымалдаушы сайтында «Жолаушылар пойыздарының қозғалысының «онлайн таблосы» іске қосылды. GPS трекерлер «Жолаушылар тасымалы» АҚ-на тиесілі 99 жолаушылар пойызына орнатылған. Жыл соңына дейін жеке тасымалдаушылар да жүйеге қосылады», – деді спикер.
Сонымен қатар, «Тальго» пойыздарында пилоттық жоба аясында спутниктік интернет іске қосылды.
«Сынақ нәтижелері бойынша барлық пойыздар жоғары жылдамдықты интернетпен кезең-кезеңімен қамтамасыз етіледі. Келесі жылдың басынан бастап бұл қызмет 14 пойызға енгізіледі», – деді Жәнібек Тайжанов.