Білім

Технологиялық колледждің студенттері «Қазгидромет» РМК-да болды

Республика күні қарсаңында, Астана қаласы әкімдігінің «Технологиялық колледж» ШЖҚ-на қарасты МКҚК студенттері «Қазгидромет» РМК-на танысу сапарымен келді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Экскурсия барысында болашақ мамандарға кәсіпорынның қызметі, елдің гидрометеорологиялық қамтамасыз ету жүйесіндегі рөлі туралы баяндалып, түрлі болжам түрлерінің қалай жасалатыны көрсетілді.

Сонымен қатар, экскурсия қатысушылары Гидрометорталыққа барып, күн сайын Қазақстанның барлық өңірлері үшін ауа райы болжамдарын жасайтын синоптиктердің жұмысымен танысты.

Мұндай кездесулер студенттердің білімін кеңейтіп, болашақ мамандығы туралы практикалық түсінік алуға және гидрометеорологиялық бақылаулардың маңыздылығын тереңірек ұғынуға мүмкіндік береді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас жаңалықтар
Close
Back to top button