Әлеумет

Театр ұжымы сенбілікке шықты

Бүгін Астана қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театры аумағында өнер ошағының қызметкерлері «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы және «Таза қала» жобасы аясында сенбілік өткізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Іс-шараға 20-ға жуық аталмыш театр қызметкері белсенді қатысты. «Театр – жай ғана сахна емес, ол тазалық пен мәдениеттің ортасы мен ордасы. Тазалық бар жерде мәдениет пен шындық бар. Айналамызды, мәдениетімізді, өзімізді таза ұстайық. Таза Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» деді актер Армат Амандық.

Оның сөзін әріптесі Расул Усманов қостады. «Айналамыздың таза, ұқыпты болуы біз үшін өте маңызды. Тазалық әр адамның өзінен басталады. Біз күн сайын көрерменге ізгілік сыйласақ, бүгін оны іс жүзінде көрсетіп жатырмыз. Таза орта – мәдениетке құрметтің белгісі. Үлкен өзгерістер кішкентай істерден басталады. «Таза Қазақстан» жай ғана акция емес, бұл – біздің өмір салтымыз» деді актер.

#ТазаҚазақстан #TazaQazaqstan #TazaQazBot

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button