Ел тынысы

Тазабек астаналық жанкүйерлердің жүрегін тағы да жаулап алды

Бүгін, 4 қыркүйек күні елордадағы «Астана-Арена» стадионында футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Қазақстан мен Уэльс құрамаларының кездесуі өтіп жатыр, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Стадионға ұлттық құрамаға қолдау көрсету үшін 30 мыңнан астам жанкүйер жиналып, алғашқы минуттардан-ақ ерекше атмосфера қалыптастырды. Олардың арасында астаналықтардың көзайымына айналған алып қуыршақ Тазабек те болды. Оның келгенін көпшілік бірден байқап, жанкүйерлер ұлттық құраманы бірге қолдады. Жанкүйерлер Тазабекті елорданың символдарының бірі деп атады.

Стадиондағы көңіл күй ерекше энергияға толы: жанкүйерлер Қазақстан құрамасына бар ықыласымен қолдау көрсетіп, матчты нағыз футбол мерекесіне айналдыруда.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button