Ел тынысы
Тазабек Астанада «Қайрат» – «Брюгге» матчында жанкүйерлерді таңғалдырды

Елордада 20 қаңтар күні «Астана Арена» стадионында өткен «Қайрат» пен «Брюгге» командалары арасындағы футбол матчында жанкүйерлерге арнап тосын сый ұйымдастырылды. Трибунада қала тұрғындарына жақсы таныс Тазабек пайда болды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Танымал кейіпкер жанкүйерлердің назарын бірден өзіне аударды. Көрермендер онымен суретке, видеоға түсіп, әлеуметтік желілерде жариялап жатты.
Тазабек жанкүйерлерге «Қайратты қолда – Тазабекті құшақта» деген жазуы бар плакат ұстап шығып, матчтың көркін арттыра түсті. Оның келбеті ересектер мен балаларға бірдей көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Айта кетейік, Тазабек бұған дейін де қалалық іс-шараларда бірнеше рет бой көрсеткен. Ол әрдайым тазалықты сақтау, қоршаған ортаға ұқыпты қарау және қоғамдық орындарда тазалық мәдениетін қалыптастырудың маңызын насихаттап келеді.



