Ел тынысы

«Таза Қазақстан» қалай іске асырылуда?

Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысы барысында ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасының іске асырылу барысы туралы баяндады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Айта кетейік, «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасы азаматтардың табиғатқа деген құрметін қалыптастыруға, қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығын түсінуге және экологиялық мәселелерді шешуге белсенді қатысуға бағытталған.

Бұл бастама халықты біріктіріп қана қоймай, жалпыұлттық ауқымдағы іске айнала отырып, патриоттық рухты нығайтты. Акцияға қатысушылардың жалпы саны шамамен 2 млн. адамды құрады, оның ішінде 156 мың еріктілер.

«Ағымдағы жылдың басынан бастап «Таза Қазақстан» қамқорлығымен бүкіл ел бойынша 573 іс-шара (2024 ж. – 183) өткізілді, оның ішінде республикалық («Таза кәсіп – таза аймақ», «Киелі мекен», «Таза өлке», «Мөлдір бұлақ» және т.б.) және халықаралық акциялар («Жер сағаты», «Халықаралық құстар күні»), оның шеңберінде 189 мың тоннаға жуық қалдықтар жиналып, 735 мың гектарға жуық аумақ тазартылып, 2 млн. астам ағаш отырғызылды», – деп атап өтті министр өз баяндамасында.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button