Елорда тынысы

«Таза Қазақстан»: Тәшенев көшесінің бойына 100 қарағай мен 30 қайың отырғызылды

Астанадағы Тәшенев көшесінің бойына 100 қарағай мен 30 қайың отырғызылды, деп хабарлайды https://www.astana-akshamy.kz/

Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында елорданың Байқоңыр ауданында күзгі көгалдандыру жұмысы жүргізіліп жатыр. Осылайша, Тәшенев көшесінің бойында ауқымды ағаш отырғызу іс-шарасы өтті.

Тәшенев көшесінің бойына 100 қарағай мен 30 қайың отырғызылды. Акцияға елорданың экологиясын жақсартуға үлес қосқан шамамен 100 адам қатысты. Олардың қатарында Ұлттық ұланның әскери қызметшілері, жергілікті тұрғындар және Байқоңыр ауданы әкімінің аппаратының қызметкерлері бар.

Мақсат – қаланың экологиялық жағдайын жақсарту, жасыл желек санын арттыру және тұрғындарды табиғатқа жанашырлықпен қарауға үндеу. Осындай көгалдандыру жұмысы қала бойынша жүргізіліп жатыр. Естеріңізге сала кетейік, елордада 13 қыркүйектен 11 қазанға дейін дәстүрлі экологиялық айлық өтеді. Қала көшелері мен аулаларын абаттандыруға қала тұрғындары мен ұйымдар атсалыса алады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button