Қоғам

«Таза Қазақстан»: онлайн-платформаға астаналықтардан 3 600-ден астам өтінім түсті

Елордада абаттандыру, көгалдандыру және жол жөндеу мәселелері бойынша өтінім жолдауына арналған «Таза Қазақстан» онлайн-платформасының жұмысы нәтижелі түрде жалғасып келеді. Қала тұрғындары арасында бұл қызметке сұраныс жоғары, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

«Таза Қазақстан» платформасы арқылы әрбір қала тұрғыны абаттандыруға қатысты өзекті мәселелерді көтере алады.

Платформа іске қосылғаннан бері мұнда барлығы 3 669 өтінім келіп түскен. Оның 3 305-і толық орындалған, тағы 3 өтінім орындалу үстінде, қалғаны – қаралу сатысында.

Өтінімдердің басым бөлігі аумақтарды абаттандыру, көшелерді жарықтандыру, жол жөндеу, көгалдандыру, сондай-ақ рұқсатсыз қоқыс үйінділерін жою мәселелеріне қатысты.

Барлық ескерту мен ұсыныс уақтылы қаралып, тұрғындарға келтірілетін қолайсыздықтарды барынша азайтуға мүмкіндік беріп отыр.

«Таза Қазақстан» қызметінің басты артықшылығы – тұрғындармен жедел әрі ашық байланыстың қамтамасыз етілуі.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button