Ел тынысы

«Таза Қазақстан» бастамасына 240 мыңнан астам студент қатысты

Үкімет отырысында ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жоғары білім беру жүйесінде «Таза Қазақстан» тұжырымдамасының іске асырылуы туралы айтты. 2024 жылдан бастап «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы шеңберінде жоғары білім беру саласы бойынша 1 индикатор және 11 іс-шараны іске асыру жоспарланған, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясын жариялағаннан бері жоғары оқу орындарының студенттері мен оқытушыларының қатысуымен 1500-ға жуық әртүрлі іс-шаралар өткізілді. Бұл шараларға жоғары оқу орындарынан 240 мыңнан аса адам қатысты. Барлық жоғары оқу орындары студенттері арасында «Taza Like» іс-шарасы шеңберінде экосағаттар өткізілді», — деді Саясат Нұрбек.

2024–2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы шеңберінде велосипед күні, жасыл энергетика жүйесін құру, қоқыссыз кампус, саябақтар құру т.б. сияқты бірнеше тармақ іске асырылуда. Осылайша, «Экологиялық білім беру» бағыты аясында халықтың экологиялық білімі мен мәдениетін арттыру жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде қоршаған ортаны қорғау саласында кадрларды жүйелі даярлау туралы айтты.

Міндеттердің бірі экологтарды даярлауға кәсіби стандарттарды енгізу болды. Бүгінгі таңда экологиялық бағыттар бойынша оқыту еліміздің 35 жоғары оқу орнында жүргізілуде. Тізілімге 143 білім беру бағдарламасы енгізілген, оның 70-і бакалавриат, 52-сі магистратура және 21-і докторантура деңгейінде.

Инновациялық бағдарламалар қатарында «Табиғи-техногендік қауіптер», «Гидроэкология және трансшекаралық су қауіпсіздігі», «Табиғатты пайдалану және экологиялық қауіпсіздік», «Экологиялық сараптама және тұрақты даму», сондай-ақ Environmental Sciences сияқты бағыттар бар.

2024-2025 оқу жылына «Қоршаған орта» бағыты бойынша 1796 мемлекеттік грант бөлінген. Оның ішінде бакалавриат – 1506, магистратура – 245, докторантура – 45.

Сонымен қатар «Экология және тіршілік қауіпсіздігі» пәні барлық мамандықтардың жалпы білім беру цикліне енгізілді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button