Қоғам

«Таза Қазақстан» акциясы аясында ерекше эстафета өтті

Астанадағы №66 мектепте 1-4 сынып оқушылары арасында «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Суды сақтайық!» атты эстафета өтті, деп хабарлады astana-akshamy.kz.

Эстафета балалардың суға құнды табиғи ресурс ретінде саналы көзқарасын қалыптастыру, оның мәні мен үнемдеу қажеттілігі туралы білімді ойын түрінде жеткізу мақсатында ұйымдастырылды.

«Мектебімізде «Жасыл әлем» эколагері осымен екінші маусым жұмыс істеп жатыр. Оның мақсаты – оқушылардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру, экологиялық мәдениеті мен сауаттылығын арттыру, табиғатты қорғауға жанашырлық сезімдерін қалыптастыру. Жоспарға сәйкес табиғат аясында, мектеп қабырғасында тәрбиелік іс-шаралар өтіп жатыр. Оқушылар қызығушылықпен, белсенділік танытып атсалысып келеді», – деді Д.Қонаев атындағы №66 мектеп-лицей директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бақытгүл Нұртазина.

Бақытгүл Нұртазинаның сөзінше, бүгінгі шара суды үнемдеу тақырыбына арналып отыр. Іс-шара оқушыларға судың негізгі тіршілік көзі екендігін ұғындырып, суды ысыраппен пайдалануға жол бермеу туралы айтылды. Оқушылардан командалар жасақталып, жарыс өткізілді. Олар су және өзендердің ластануы туралы сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ балалар күнделікті өмірде суды ұқыпты пайдалану ережелері туралы айтып берді.

Айта кетейік, осыған дейін мектепте «Табиғатты аялайық», «Қоқысқа екінші өмір сыйла» атты экологиялық акциялар ұйымдастырылды. Сондай-ақ Жетісу саябағында табиғатты қорғауға бағытталған спорттық эстафета, пікір-сайыс алаңдары өткізілді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button