Ел тынысы

Тас жол жабылғандықтан Астанаға дейін қосымша электр пойыздары шығарылды

Қолайсыз ауа райы салдарынан тас жолдарда уақытша қозғалыс шектеулері енгізілуіне байланысты ҚТЖ өңірлер арасындағы көлік қатынасының қолжетімділігін қамтамасыз ету және жолаушыларды тасымалдауды ұйымдастыру мақсатында қала маңындағы пойыздарды тағайындады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, Көкшетау, Бурабай курорты, Макинка және Ақкөл станцияларынан Астана станциясына дейін жолаушыларды отырғызу үшін төмендегі пойыздар қатынайды:
— № 6830 «Көкшетау – Астана»;
— № 7508 «Көкшетау – Астана».

Қолайсыз ауа райы жағдайында теміржол көлігі ең сенімді әрі қауіпсіз қатынас түрлерінің бірі болып қала береді. Ұлттық тасымалдаушы жолаушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз етуге бағытталған барлық қажетті шараларды қабылдап, азаматтарды сапарларын жоспарлау кезінде ауа райы жағдайын ескеруге шақырады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button