Ел тынысы

Танымал шоколатье «Жұмбақтас» десертін жасады

Kazakh Tourism қазақстандық бизнес өкілдерімен саналы туризм қағидаларын және елдің табиғи көрікті жерлеріне ұқыпты қарауды кеңінен дәріптеуде. Астаналық компанияның гастрономиялық бастамасы Шучье-Бурабай курорттық аймағындағы елеулі орындардың біріне айналған «Жұмбақтас» жартасына арналды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

🍽 Kazakh Tourism жүзеге асыратын «Сапа белгісі» бағдарламасының қатысушысына айналған «La Crème» мейрамханасы «Жұмбақтас» гастрономиялық туындысын ұсынды. Басты мақсат – туристік орындарға құрметпен қарауды қалыптастыру және оларды сақтаудың маңыздылығы туралы ақпараттандыру деңгейін арттыру. Эксклюзивті десертті танымал шоколатье және кондитерлік өнер бойынша Еуропа чемпионы Ханс Овандо дайындаған.

«Туристік қызметтердің сапасы – елдің тартымдылығына әсер ететін аса маңызды фактор. Біздің «Сапа белгісі» бағдарламасы қонақжайлылық стандарттарын арттыруға бағытталған және турбизнесті дамытуға ынталандырады. Қазіргі таңда 220 астам компания «Сапа белгісін» иеленіп, туризм индустриясының талаптарына сай екендігін растады. Біз табиғи ескерткіштер мен орындардың құндылығы мен оларды сақтаудың маңыздылығын дәріптейтін кәсіпкерлеріміздің бастамашылығы мен әлеуметтік жауапкершілігін құптаймыз», – деді «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Даниел Сержанұлы.

🎂 Гастрономия бүгінде тек дәм ғана емес, терең мағынаны да ұсынады. Жобаға La Crème негізін қалаушы Дана Канапина бастама танытқан. Ол 2024 жылы Ханс Овандомен бірге Бурабайдағы «Жұмбақтас» жартасының тарихымен танысты, жергілікті тұрғындармен тілдесіп, жергілікті ингредиенттерді зерттеді. Олардың бірі – «Жұмбақтас» десертінің соңғы рецептурасына енген жергілікті омартадан алынған бал.

«Біз «Жұмбақтас» десертін әзірлеу арқылы дәмді жеткізумен қатар Бурабайдың сұлулығы туралы көбірек адамды білуге шабыттандырғымыз келді. Осындай ерекше жерлерге деген сүйіспеншілік арқылы оларды болашақ ұрпақ үшін сақтап, саналы туризм мәдениетін дамытуға деген ұмтылысты туғызу маңызды», – деп бөлісті «La Crème» компаниясының тең құрылтайшысы Асқар Қанапин.

Атап өткен жөн, 2021 жылы Kazakh Tourism қонақжайлылық мәдениетін арттыруға және Қазақстандағы туристік қызметтердің сапасын жақсартуға бағытталған «Сапа белгісі» бағдарламасын қолға алды. Бұл туроператорларға, орналастыру орындарына және қоғамдық тамақтану орындарына «Very Nice» және «Nice» деген екі деңгей бойынша беріледі.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button