Мәдениет

«Таң Шолпанның» туындылары

Ұлттық музейде «Таң шолпан» халықаралық тәуелсіз әйел суретшілер қорының 25 жылдық мерейтойына арналған «Сенім» атты көрме ашылды.

Көрменің басты мақсаты – отандық және халықаралық өнер кеңістігінде әртүрлі бағыт пен жанрда еңбек етіп жүрген, өзіндік қолтаңбасы бар, инновациялық идеяларымен ерекшеленетін, жоғары кәсіби деңгейдегі дарынды әрі креативті әйел суретшілердің шығармашылығын кеңінен насихаттау.

Ашылу салтанатында Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы Ерлан Дәкенов Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның құттықтау хатын оқып, әйел суретшілердің өнердегі орнына айрықша тоқталды. Парламент Сенатының депутаты ­Жанна Асанова, мүсінші, зергер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Естай Дәубаев жылы лебіздері мен тілектерін жеткізді. Көрмеге 150-ден астам шебер ханымдардың қолынан шыққан ұлттық қолөнер бұ­йымдары, зергерлік әшекейлер, сәндік заттар мен түрлі кәдесыйлар қойылды. Көрме екі айға жалғасады.

Аманғали ҚАЛЖАНОВ

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас жаңалықтар
Close
Back to top button