Ел тынысы

Тамыз конференциясы: елордалық ұстаздар марапатталды

Бүгін елордада «Білім келешегі: Адал азамат, кәсіби маман» тақырыбында республикалық Тамыз конференциясы өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев конференцияға арнайы қатысты. Президент өз сөзінде қала мен ауыл мектептеріндегі білім сапасын теңестірудің маңызын атап, «Педагог мәртебесі туралы» заңға ұстаздардың құқығын қорғауға бағытталған өзгерістер енгізуді ұсынды.

Бұл еліміздің білім беру жүйесін заман талабына сай дамыту және ұстаздар мәртебесін одан әрі арттыру жолындағы нақты қадамдардың бастамасы болды.

Конференция барысында еліміздің педагогтері жоғары мемлекеттік марапаттарға ие болды. Олардың қатарында елордалық екі ұстаз бар:
• Рахимова Гүлнар Мизинбаевна (№6 гимназия) – «Құрмет» ордені;
• Алла Васильевна (Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі) – «Ерен еңбегі» медалі.

Сонымен қатар, Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсенбаев екі ұстазды марапаттады:
• Төлеу Гүлжан Дәрібайқызы (№37 мектеп-лицейі) – «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері» медалі;
• Қаратаева Гүлзат Қайдауловна (№2 мектеп-гимназиясы) – арнайы алғыс хатпен марапаттады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button