
2026 жылғы 15 наурызда Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының жаңа Конституцияны қабылдау мәселесі бойынша республикалық референдум өтеді. Қазақстан Республикасының 18 жасқа толған азаматтары Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Елшілігіндегі №436 сайлау учаскесінде дауыс бере алады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Сайлау учаскесі Душанбе уақыты бойынша 07:00 – 20:00 аралығында жұмыс істейді.
Сайлау учаскесінің мекенжайы: Душанбе қаласы, Хусейнзода көшесі 31/1 (Қазақстан Республикасы Елшілігінің ғимараты).
Сайлау учаскесіне келген кезде өзімен бірге Қазақстан Республикасы азаматының паспорты немесе жеке куәлігі болуы қажет.



