Ел тынысы

Тәуелсіздіктің 35 жылдығына арналған «Арт ревю: Көркем ойлар керуені» өтеді

Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығына және Қазақстан Республикасы Көркем Академиясының 20 жылдығына орай кәсіби және жас суретшілер, мүсіншілер, қолданбалы өнер шеберлері арасында «АРТ-РЕВЮ: КӨРКЕМ ОЙЛАР КЕРУЕНІ» атты арт-ревю өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Арт-ревюдің мақсаты: Қазақстанның тәуелсіздік тарихын мәдениет пен өнер арқылы көрсету, суретшілер, мүсіншілер, қолданбалы өнер шеберлері арасында тәжірибе алмасу және өнер арқылы ұлттық құндылықтарды айқындап көрсету.

Қатысушылар: кәсіби және жас суретшілер, мүсіншілер, қолданбалы өнер шеберлері.
• Арт-ревю шығармашылық жоба болып табылады;
• Қатысушылар өз жұмыстарын шығармашылық комиссияға ұсынады;
• Өтінім қабылдау: 2026 ж. 15-ші қарашаға дейін;
• Жұмыстарды жіберу: Қазақстан Республикасының Президенттік орталығына, Астана қ., Бөкейхан көшесі, 1а.
• Шығармашылық комиссия мүшелері іріктеу қорытындысы бойынша үздік жұмыстарды 2026 жылғы 11 желтоқсанда номинацияларға ұсынады;
• Үздік авторлық жұмыстардың көрмесі ҚР Президенттік орталықтың көркемсурет галереясында өтеді.

Қатысушылар
Арт-ревюға қатыса алатындар:
• кәсіби суретшілер;
• жас суретшілер;
• мүсіншілер;
• қолданбалы өнер шеберлері.

Жұмыс талаптары
• Жұмыс тақырыпқа сәйкес болуы керек;
• Қатысушылар 1 жұмысын ұсына алады;
• Жұмыстың көлемі 100 см-ден аспау қажет.

Қабылданатын форматтар:
• Кескіндеме;
• Графика;
• Мүсіншілер;
• Қолданбалы өнер.

Марапаттау
Барлық қатысушыларға қатысушы сертификаттары табысталады.

Үздік жұмыстар келесі номинациялар бойынша марапатталады:
1. «Үздік көркемдік шешім»
2. «Ұлттық рухты бейнелеу»
3. «Мүсіндегі мәңгілік мұра»
4. «Қолөнердің көркем үлгісі»
5. «Жас суретші»
6. «Көрермен көзайымы»

Қорытынды

Арт-ревю аяқталғаннан кейін:
• Жыл аяғында қорытынды көрме экспозициясы ҚР Президенттік орталығында құрылады;
• Үздік шығармашылық бағыттар атап өтіледі;
• Қатысушыларға сертификаттар табысталады.
• Жұмыстар рецензияланбайды және үздік деп танылған жұмыстар Қазақстан Республикасының Президенттік орталығының қорына өтеді.

Барша кәсіби және жас суретшілерді, мүсіншілерді, қолданбалы өнер шеберлерін Қазақстанның тәуелсіздігі мен мәдениетін бейнелеу өнері арқылы көрсетуге шақырамыз!

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button