Елорда тынысы

Тәуелсіздік даңғылының учаскесі жабылады

Астанада Тәуелсіздік даңғылының учаскесі жөндеу жұмысына байланысты жабылады, деп хабарлайды https://www.astana-akshamy.kz/

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы 24-25 мамыр аралығында Тәуелсіздік даңғылының Майлин көшесінен Б. Момышұлы даңғылына дейінгі учаскесіне орташа жөндеу жүргізеді.

Осы уақытта көлік қозғалысы екі бағытта бір жағынан кезең-кезеңімен ұйымдастырылады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button