Қоғам

 «Тәуелсіздік бәрінен қымбат!» қалалық эссе байқауы қорытындыланды

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай ҚР ПІБ Президенттік орталығы Астана қаласы әкімдігінің Әдістемелік орталығымен бірлесіп, елордадағы жалпы білім беру ұйымдарының жас мұғалімдері арасында «Тәуелсіздік бәрінен қымбат!» ашық қалалық шығармашылық эссе байқауын өткізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Байқаудың мақсаты – Қазақстанның тарихи мұрасы мен тәуелсіздігінің құндылықтарын насихаттау, педагогтердің шығармашылық әлеуетін дамыту, азаматтық жауапкершілік пен патриотизмді дамыту, сондай-ақ еліміздің ұлттық мәдениеті мен тарихына қызығушылықты арттыру.

Қатысушылар Қазақстан Тәуелсіздігіне деген жеке көзқарасын, бұл оқиғаның мемлекет пен әрбір азамат үшін маңыздылығын, сондай-ақ мемлекеттің болашағы туралы иедеяларды қамтитын авторлық эсселерді ұсынды.  Байқауға 50 адам қатысты.

Конкурстық комиссия жұмыстарды мына критерийлер: тақырыпты ашудың тереңдігі мен өзіндік ерекшелігі, ойдың жүйелілігі, сауаттылық пен стиль, шығармашылық көзқарас және тақырыпқа сәйкестігі бойынша бағалады.
Конкурстық комиссияның ашық дауыс беру қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:
I орын – Сақтаған Болат (С. Сейфуллин атындағы №80 мектеп-гимназиясы)
II орын – Көпжасарова Камила (Neotech Digital School)
III орын – Нағимқызы Тоғжан (Б. Момышұлы атындағы №53 мектеп-лицейі).

Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Үздік эсселер азаматтық ұстанымның жоғары деңгейімен, тарихи құндылықтарды терең ұғынуымен және тақырыпты толық аша білумен ерекшеленді.

Ұйымдастырушылар байқаудың барлық қатысушыларына азаматтық ұстанымы, кәсіби біліктілігі және өскелең ұрпақ арасында патриоттық құндылықтарды қалыптастыруға қосқан үлесі үшін алғыс білдіреді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button