Ел тынысы

Тәрбиеші офицерлер қызметінің басым бағыттары талқыланды

Астанада тәрбиеші офицерлер қызметінің басым бағыттары талқыланды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында ҚР Қорғаныс министрлігі Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің бастығы әділет полковнигі Тілеухан Басқожаевтың жетекшілігімен оқу-әдістемелік жиын өтті.

Жиынға Қарулы күштер түрлері бас қолбасшыларының, әскери бөлім командирлерінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасарлары, ҚР Қорғаныс министрлігі Әскери білім және ғылым департаментінің өкілдері офлайн және онлайн форматта қатысты.

Іс-шара қатысушыларына Мемлекет басшысының Жолдауы аясында Қарулы күштерді дамыту басымдықтары жеткізілді.
– Цифрландыру – бұл сән емес, бұл стратегиялық қажеттілік. Біз жаңа буын армиясын құруымыз керек. Бұл дегенміз икемді, технологиялық дамыған, ақпараттық дәуір жағдайында агрессияға тойтарыс бере алатын армия, – деп атап өтті Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің бастығы.

Жиын барысында 2030 жылға дейінгі жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу тұжырымдамасының негізгі ережелері мен осы саладағы заңнамалық өзгерістерге ерекше назар аударылды. Тәрбие құрылымдарындағы офицерлердің қызметі әскери қызметшілердің жоғары моральдық-психологиялық қасиеттерін қалыптастыруға, армияның жауынгерлік қуатының рухани негіздерін нығайтуға бағытталуы тиіс екені айтылды. – Тәрбиеші – мемлекеттік саясаттың негізгі қозғаушы күші. Біздегі идеология – ол мемлекеттік идеология. Шеніне не лауазымына қарамастан, әрбір әскери қызметші сауатты, Отанға адал, айналасындағыларға үлгі болуы керек, – деді әділет полковнигі Тілеухан Басқожаев.

2023 жылдың қаңтарында басталған «Сарбаз 2.0» бағдарламасының аралық нәтижелері туралы Әскери білім және ғылым департаменті бастығының орынбасары майор Людмила Перякина баяндады.
Іс-шара қорытындысы бойынша идеологиялық жұмыстың тиімділігін арттыруға, әскери тәртіпті нығайтуға және әскери ұжымдарда қолайлы моральдық-психологиялық ахуал қалыптастыруға бағытталған нақты тапсырмалар берілді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button