Әлеумет

Тәрбиелік мәні бар қойылым

Астана қаласындағы Жастар театры сахнасында «Заң мен тәртіп» қағидасы аясында жазушы Рақымжан Отарбаевтың «Соңғы аялдама» атты әлеуметтік трагедиясы көрерменге ұсынылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Іс-шараға қала әкімінің орынбасары Есет Бәйкен және қала прокуратурасы, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.

Қойылым барысында сөз сөйлеген Есет Бәйкен қоғамдағы құқықтық мәдениетті арттыру, жастар арасында заңға құрмет пен жауапкершілік сезімін қалыптастырудың маңызын атап өтті.

Ал, Қойылымда бүгінгі қоғамды алаңдатып отырған өзекті мәселе – есірткіге тәуелділік тақырыбы қозғалды. Сахналық туындыда нашақорлықтың адам өміріне тигізер зияны, оның жеке тағдырларды қалай күйрететіні әсерлі түрде көрсетілді. Бұл қойылым жазушының «Нашақор жайлы новелла» пьесасының желісі негізінде сахналанды.


Қойылымды бүгінгі заманға лайықтап, жастар тілімен жаңғыртқан қоюшы режиссер – Мәдениет саласының үздігі Нұрфат Вахитов. Оның айтуынша, «Соңғы аялдама» жас ұрпақтың бойында әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастыруға, адами құндылықтарды дәріптеуге және нашақорлықтың алдын алуға бағытталған.

Көрермендердің айтуынша, ауыр тақырып қозғалғанымен, актерлердің шынайы ойыны мен мәселені әсерлі жеткізуі ерекше әсер қалдырған.

«Қазір жастарымыздың арасында есірткіге, жалпы басқа да жаман әдеттерге тәуелділік бар. Бүгінгі қойылым қоғамда болып жатқан қылмыстардың қай-қайсысының да өтеуі бар екенін, қылмысқа бару – өз болашағыңды ойрандау екенін, кез келген заңсыздық жолмен басталған істің өкінішпен аяқталатынын айқын көрсетті. Жастар осыдан үлгі алса екен деймін», – дейді Берікбол Думан.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button