Мәдениет

Табылды мұрасы – Астана архивінде

Қазақтың тұңғыш бард ақыны, сыршыл композитор Табылды Досымовтың туғанына 60 жыл толуына орай Астана қаласы Мемлекеттік архивіне өнер иесінің мұрасы тапсырылды.

Іс-шара барысында Табылды Досымовтың достары, көрнекті ақын, Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегері Светқали Нұржан және Табылды Досымов атындағы қордың төрағасы, ақын Бижан Қалмағанбет өз естеліктерімен бөлісіп, ақын мұрасының рухани маңызына тоқталды.

Бард мұрасын ұлы Абыл Аяш архив қорына аманаттай отырып, мекеме басшысына алғысын жеткізді. Оның айтуынша, тапсырылған құжаттардың арасында ақын-композитордың еш жерде жарияланбаған өлеңдері, әндері мен күйлері, фотосуреттері мен құжаттары бар. Олардың электронды нұсқалары да қоса тапсырылды. Жалпы Табылдының 70-ке жуық құжаты, аудионұсқалар қалалық архив қорына қабылданды.

Астана қаласы Мемлекеттік архивінің директоры Жангелді Бимолдин құжаттарды қабылдап, осы негізде Табылды Досымовтың жеке тектік қоры ашылатынын атап өтті. Бұл қор болашақ зерттеушілер мен жастар үшін баға жетпес дерек көзі болмақ.

«Табылды Досымовтың өнері бар қазаққа аян. Ол – қазақтың тұңғыш бард ақыны, қайталанбас тұлға. Сондықтан оның мұрасын ерекше ілтипатпен қабылдадық» деді Жангелді Бимолдин.

Аманғали ҚАЛЖАНОВ

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button