Әлеумет

Сыртқы жарнама тексерілді

Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасында сыртқы жарнаманы алып тастау мәселесі талқыланды. Кездесуге Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті, қалалық Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы және «Астана-Жарнама» КММ өкілдері қатысты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Мемлекеттік органдар мен бизнес-қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен өткен кездесу кәсіпкердің өтініші бойынша ұйымдастырылды. Кәсіпкер электронды жүгіртпе жолақтың алып тасталғанын мәлімдеген. Ол ұсынған мәліметке сәйкес, демонтаж жұмыстарын Астана қаласы әкімдігінің «Астана-Жарнама» КММ қызметкерлері жүргізген.

Тараптар оқиғаның мән-жайын егжей-тегжейлі қарастырып, қолданыстағы заңнама нормаларын және сыртқы жарнаманы орналастыру тәртібін талқылады. Айта кететіні, 2024 жылы Кәсіпкерлер палатасының белсенді қатысуымен елордада бірыңғай сәулеттік-көркемдік келбетті қалыптастыру және іске асыру жөніндегі Жол картасы әзірленіп, бекітілді.

Кездесу қорытындысы бойынша кәсіпкерге қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жарнама конструкцияларын орналастыру тәртібін сақтау бойынша түсіндірулер мен ұсынымдар берілді.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button