Қоғам
Сығанақ көшесінің бір бөлігі жөндеу жұмысына байланысты жабылды

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Сығанақ көшесінің Сауран көшесінен Ақмешіт көшесіне дейінгі жол төсеміне орташа жөндеу жүргізеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Осыған байланысты 18-21 шілде аралығында көрсетілген учаскеде қозғалыс ішінара жабылатын болады. Осы уақытта көлік қозғалысы екі бағытта бір жағынан кезең-кезеңімен ұйымдастырылады.
Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс болдырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.