Құқық

Судьяларды іріктеу жүйесі түбегейлі өзгерді

Енді елімізде судьялар жаңа тәртіппен іріктеледі. Толығырақ Жоғарғы сот кеңесінің мүшесі Салтанат Жүнісбекова айтып берді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Не өзгерді?

— емтихан (тест, эссе, кейстік тапсырмалар) жылына 12 рет тапсырылады, бұл бұрынғыдан үш есе жиі;

— психологиялық тестілеу жылына 3 рет емес, 10 рет өткізіледі;

— квалификациялық комиссияның үміткерлермен әңгімелесу отырыстары айына 4 рет өтеді, ал бұрын әр екі айда 1 рет болатын;

— Осылайша, емтихан тапсыру үдерісі 1,5 жылдан 3 айға қысқарды.

Алайда, болашақ судьяларға қойылатын талаптар да күшейтілді.

— Құқық қорғау және арнайы органдардың дерекқоры бойынша қосымша тексеру енгізілді. Бұл үміткердің қылмыстық жолмен алынған кірісінің бар-жоғын, радикалды топтарға қатысының бар-жоғы, есірткі сату, тұтынуға қатысының бар-жоғы, заңсыз құмар ойындарға, цифрлық активтердің көлеңкелі айналымына және басқа да қауіптерге қатысының бар-жоғын анықтауға мүмкіндік береді, — деді Салтанат Жүнісбекова орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, бұрын үміткерлердің шамамен 50%-ы емтиханды сәтті тапсырса, қазір бұл көрсеткіш 20%-ға дейін азайды.

— Бұл іріктеу деңгейінің төмендегенін емес, сапаның артқанын білдіреді. Тек моральдық және кәсіби тұрғыдан шындалған мамандар ғана өте алады, — дейді ол.

Салыстырмалы түрде айтсақ, биыл 6 айда квалификациялық комиссия 18 отырыс өтіп, нәтижесінде 125 адам барлық кезеңнен өтті. Ал өткен жылы 73 үміткер ғана емтиханды сәтті тапсырған.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button