Әлеумет

«Суды үнемде — болашақты сақта» эко-сағаты өтті

БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы Тұрақты өкілдігінің ұйымдастыруымен Астана қалалық Технологиялық колледжінде «СУДЫ ҮНЕМДЕ — БОЛАШАҚТЫ САҚТА» атты эко-сағат өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Іс-шара, экологиялық мәдениетті, азаматтық жауапкершілікті және су ресурстарына ұқыпты көзқарасты қалыптастыруға бағытталған «Адал азамат» мемлекеттік тәрбие бағдарламасын іске асыру аясында ұйымдастырылып отыр.

Эко-сағат Астана қаласының Технологиялық колледжі базасында өтеді және білім беру ұйымдары мен салалық мемлекеттік орган арасындағы тиімді ынтымақтастықтың үлгісін көрсетеді. Соның аясында студенттердің тұрақты экологиялық құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған практикаға негізделген жобалар, инновациялық технологиялар және халықаралық тәжірибе таныстырылды.

Негізгі мақсат — білім алушылардың Қазақстанның стратегиялық ресурсы саналатын суға деген саналы әрі жауапты көзқарасын қалыптастыру. Іс-шара онлайн және офлайн форматта өтті. Дөңгелек үстел жұмысына спикерлер, сондай-ақ болашақ гидротехнолог мамандар — колледж студенттері қатысты. Онлайн форматта Астана қаласының 25 колледжі, Солтүстік Қазақстан облысының 20 колледжі және өңірдің білім беру ұйымдары қосылды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас жаңалықтар
Close
Back to top button