Ел тынысы

Су шаруашылығы саласы мамандарының жалақысы өсті

Су шаруашылығы саласы мамандарының жалақысы өсті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Жыл басынан бері «Қазсушар» РМК 279 маусымдық жұмыскерлері тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз етілді. Жақын арада кәсіпорынның штатына тағы 146 адам қабылданады. Осылайша, кәсіпорынның барлық 425 маусымдық жұмыскері тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі Ғылым және инновациялар департаментінің директоры Ләззат Жүсіпованың ОКҚ баспасөз мәслихатында хабарлады.

Сонымен қатар су шаруашылығы қызметкерлерінің жалақысын электр энергетикасы салаларындағы мамандардың еңбекақысымен теңестіру мақсатында былтыр Су ресурстары және ирригация министрлігі «Табиғи монополиялар туралы» заңға өзгерістер енгізу бойынша жұмыс жүргізді. Биыл маусым айында Мемлекет басшысы осы заңға қол қойды. Нәтижесінде су саласы қызметкерлерінің жалақысы айтарлықтай өсті.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button