Ел тынысы

Сұхбатта отызға жуық тақырыптар көтерілген

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Turkistan» газетіндегі сұқбатын оқып шықтым. Онда отыздың үстіндегі тақырыптар мен сауалдар көтерілген екен. Әңгіме бағдарламалық сұқбат екен, яғни Мемлекет басшының жаңа жылдағы елдегі ең күрделі мәселелерге деген жауабы.

Ең құптарлығы, Президент жыл сайын жаңа жылда қазақ тілді баспасөзге сұқбат береді, яғни жыл сайын дәстүр болып келеді. Бұл да емеурін…

Мен үшін ең ұнағаны – еліміздегі цифрландыру мәселесі. Онда: «Мен осы жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жарияладым. Бұл еліміз үшін тарихи мүмкіндік екенін жаңа ғана айтып өттік. Түбегейлі цифрлық өзгерістер жасап, жасанды интеллектіні енгізу экономиканың және басқа да көптеген саланың дамуына тың серпін береді. Мемлекетті басқарудан бастап, білім беру және денсаулық сақтау саласына дейін – барлық бағытта өсіп-өркендеуге жол ашады»,-дейді Президент.

Иә, рас. Меніңше, цифр – техникалық сала емес, ел дамуының күретамыр тетігі деуге болар. Керек десеңіз, жемқорлықтың да жолын кесетін құрал. Қалай болғанда да, бүкіл әлем қауымдастығында біздің еліміздің арманы: Бір кірпіш дүниеге, кетігін тауып қалану.

Екіншісі — тазалық туралы: «Мен осы жалпыхалықтық қозғалысты айрықша маңызды идеологиялық акция деп санаймын. Өйткені, тазалық дегеніміз – мағынасы терең, мазмұны сан қырлы ұғым. Тазалық ұғымы жан дүниенің де, жер дүниенің де тоқырауын емес, гүлденуін, кіршіксіз таза болуын білдіреді. Түптеп келгенде, тазалық ұлт болмысының өзегіне айналуға тиіс.».

Мемлекет басшысы дұрыс айтады, жәй тазалық емес, оның айналасында көп мән-мағына жатыр.

Иманбай Жұбай,

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, тележурналист

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button