Студенттік омбудсмендер институты жүйелі түрде дамып келеді

Елімізде студенттік омбудсмендер институты жүйелі түрде дамып келеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Қазақстанда үш жыл бұрын құрылған Студенттік омбудсмендер институты бүгінде жастардың құқықтарын қорғап қана қоймай, олардың күнделікті өмір сапасын арттыруға бағытталған нақты істермен айналысып келеді. Бұл туралы ОКҚ алаңында Алматы қаласының студенттік омбудсмені Айболат Сембиев мәлімдеді. Бүгінгі таңда еліміздің барлық өңірлерінде Студенттік омбудсмендер бар. Сонымен қатар, университеттердің ішінде студенттік омбудсмен мектебі құрылған.
Омбудсмендер жұмысының маңызды бағыты – жыл сайын жатақханаларға мониторинг жүргізу, студенттердің тұрмыс жағдайын жақсартуға, қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және заң бұзушылықтардың алдын алу. Спикердің айтуынша, қазіргі таңда жатақханаға өтінім қабылдау үдерісін онлайн форматқа толық көшіру көзделген.