Студенттерге құқықтық түсіндірме жұмыстары жүргізілді

«Заң және тәртіп» акциясын жүзеге асыру аясында Астана қаласы бойынша Бас прокуратураның тапсырмасымен барлық жоғары оқу орындарында және колледждерде түсіндіру шаралары басталды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
ESIL университетінде өткен кездесуде студенттерге қылмыстық құқықбұзушылықтар, оның ішінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тақырыптары кеңінен түсіндірілді.
«Заң және тәртіп» қағидатына сәйкес Астана қаласының барлық жоғары оқу орындарында және колледждерде прокурорлардың қатысуымен профилактикалық жұмыстар, қылмыстық жұмыстар және де басқа да тақырыптарда түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Бұл шара биыл ғана емес, келер жылы да жалғасын табады» дейді Байқоңыр аудандық прокуратурасының аға бөлім прокуроры Ұлан Көпжанұлы.
Бұл бастама жастардың құқықтық мәдениетін көтеру, құқық бұзушылықтың алдын алу және заңға құрметпен қарауды қалыптастыруға бағытталған.



