Құқық

Студенттерге цифрлық қауіпсіздік бойынша кезекті дәріс өткізілді

«Заң және тәртіп» қағидаты аясында Қаржылық мониторингі агенттігінің Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттеріне цифрлық қауіпсіздік бойынша кезекті дәріс өткізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Дәріске университеттің 400 студенті қатысты.

Іс-шараның негізгі мақсаты – цифрлық гигиенаның негіздерін түсіндіру, қаржылық алаяқтықтың жаңа түрлері мен әдістері туралы ақпарат беру және дропперлік схемалардан қорғау жолдарын түсіндіру.

Кездесу барысында Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аға жедел уәкілі Нұрғали Аязов цифрлық қауіпсіздікті сақтаудың маңыздылығын, интернет-алаяқтықтан, дипфейктерден қорғану тәсілдерін, жеке деректерді қорғау жолдарын, сондай-ақ дропперлер туралы жан-жақты баяндап берді.

Студенттер белсенді түрде сұрақтар қойып, оларға жан-жақты жауаптар мен қаржылық қауіпсіздік бойынша практикалық кеңестер алды.

Іс-шара соңында ең белсенді студенттерге естелік сыйлықтар табысталды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button