Ел тынысы

Студенттерге арналған Jastar Talks іс-шарасы өтті

Астанада М.Жұмабаев атындағы халықаралық жоғары колледжінде Jastar Talks іс-шарасы өтті, деп хабарлады astana-akshamy.kz.

Өз саласында жетістікке жеткен тұлғалар мен жастардың еркін форматта сұхбаттасу кешін Астана қаласы әкімдігінің «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды.

«Іс-шара 2020 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Ең негізгі мақсат – ұрпақ сабақтастығын жалғау, аға буын мен жастардың бір-бірімен танысып, тәжірибе алмасуына мүмкіндік жасау, идеологиялық тәрбие беру. Біз еркін сұхбатқа түрлі сала мамандарын шақырамыз. Оның ішінде қоғам қайраткерлері, БАҚ өкілдері, әнші, актер сияқты өз саласында жетістікке жеткен жандар бар. Олар өздерінің өмірлік тәжірибесін айтады. Ал студенттер оларға қызықтырған сұрақтарын қояды. Мұндай іс-шара жастардың өзі таңдаған мамандығының білгірі ғана емес, өмірде де өз орнын табуына бағыт-бағдар береді деп ойлаймын», – деді Астана қаласы әкімдігінің «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының жастар бастамаларын қолдау бөлімінің маманы Дәуіржан Жұмаханов.

Jastar Talks-тің бүгінгі қонағы – «Хабар» телеарнасындағы КЕШREC және OINAIQ жобаларының жүргізушісі Алмас Тоғай. Ол студенттерге өзінің телеарна саласындағы жұмысы туралы айтып берді.

«Адамның немен айналысқаны маңызды емес, қалай айналысқаны әлдеқайда маңызды» деген бар. Немен айналыссаң да, оның мінсіз орындалуына бар күш-жігеріңді сал. Тіпті, көше сыпырушы болсаң да, сол күнделікті жұмысыңды мінсіз атқарсаң, сенен артығы болмайды. Сабағыңды оқы, спортпен айналыс, бірақ қай істі де соңына дейін жеткізуге тырыс. Сонымен қатар, кәсіппен болсын, басқа шаруамен болсын, немен айналысамын десең де, ерте баста, сонда оның нәтижесі көп күттірмейді», – деп ақыл-кеңесін айтты жастарға.

Студенттер спикерге толғандырған басқа да сауалдарын қойды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button