Елорда тынысы

Студенттер жатақханасын аралады

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекпен бірге жаңа оқу жылы қарсаңында ашылатын 400 орындық студенттер жатақханасына (А.Пушкин көшесі, 13А) барды.

Аталмыш әлеуметтік нысан жеке инвестиция есебінен салынды.

«Оқу жылының басталуына екі аптаның көлеміндей ғана уақыт қалды. Әлеуметтік нысандарды ашуға дайындап отырмыз. Өздеріңіз білетіндей, өзге қалалардан келетін студенттердің саны жыл сайын артып келеді. Салалық министрлікпен, университеттермен және инвесторлармен бірлесе отырып, жатақхана орындарын көбейту бағытында жұмыс істеп жатырмыз. Елордада 2025 жылдың басынан бері шамамен 2700 орынға шақталған жатақхана пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін 2060 орынға арналған тағы 7 нысанды ашу жоспарланып отыр. Осылайша, 2025 жылы жалпы сыйымдылығы 4716 орындық 8 студенттер жатақханасы пайдалануға беріледі. Өткен жылы елордада жалпы сыйымдылығы шамамен 1700 орынға арналған 5 студенттер жатақханасы пайдалануға берілді. Сонымен қатар жаңа оқу жылы ішінде 15 мектеп ашамыз, оның 7-еуі «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынады. Бұл білім беру нысандары екі ауысымда 28 мың оқушы орнын ашуға мүмкіндік береді. Сол сияқты елордада балабақшалар, Оқушылар сарайы және басқа да әлеуметтік нысандар салынып жатыр» деп жазды Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button