Стратегиялық ынтымақтастық жөнінде келісті

Астанада Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университеті мен Ghalam ЖШС арасында ғылыми-зерттеу, білім беру және технологиялық қызмет саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы меморандумға салтанатты түрде қол қойылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Кездесу Ghalam жауапкершілігі шектеулі серіктестінде өтті. Құжатқа ҚР Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы генерал-майор Асқар Мұсабеков пен Ghalam серіктестігінің бас директоры Бауыржан Алматов қол қойды.
Меморандум бірлескен ғылыми жобалар мен зерттеулерді іске асыруды, ғылыми тағылымдамаларды ұйымдастыруды, тәжірибе алмасуды, ұлттық қауіпсіздік мүддесі үшін инновациялық шешімдерді іздеуді және оған бейімдеуді көздейді.
Тараптар ынтымақтастық қорғаныс пен аэроғарыш технологиялары саласындағы күш-жігерді шоғырландыруға бағытталған өзара тиімді әріптестікті орнатуға және дамытуға ықпал етеріне сенім білдірді.