Әлеумет

ССС-4: жаңа станция елорданы 2035 жылға дейін сумен қамтамасыз етеді

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында елорданы сумен қамту мәселесі қалай шешілетіні туралы жазды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

«Елорда тұрғындарының жыл сайынғы өсімін ескере отырып, тіршілікті қамтамасыз ету нысандарының қуатын жоспарлы әрі кезең-кезеңімен арттыру жұмысын жүргізіп жатырмыз. Біз қазірдің өзінде газ жылу станцияларының (ГЖС) құрылысы есебінен қаланың жылу қуатын ұлғайттық. Бұл өз кезегінде жаңа нысандарды пайдалануға беруге мүмкіндік жасайды. Сол сияқты жаңа ГЖС, қосалқы электр станциялары салынуда, олардың арасында қолданыстағы нысандар да жаңғыртылып жатыр.

Өздеріңіз білетіндей, 2023 жылдың көктемінде су мәселесі болды. Сол жылы жазда жаңа су құбыры мен үшінші сорғы-сүзгі станциясы (ССС-3) іске қосылды. Қазіргі уақытта қалада қуат тапшылығы жоқ. Бұдан бөлек, алдағы жылдарға арналған қор да бар.

Астананы қосымша тұрақты сумен қамтамасыз ету үшін «Телман» сорғы станциясында техникалық су құбырын салу жобасын жүзеге асырып жатырмыз. Техникалық су құбырының екінші желісін салу арқылы «Тельман» бірінші көтеру сорғы станциясы тәулігіне 160 мың м³ жобалық қуатына толықтай шығады.

Сонымен қатар, Нұра жерасты су орнында су құбырын салу жобасын әзірледік.

Бұдан бөлек, ұзақмерзімді шаралар аясында Қ.Сәтбаев атындағы арнадан жаңа су құбыры мен төртінші сорғы-сүзгі станциясын (ССС-4) салуды бастадық. Су алу нысанының өнімділігі – тәулігіне 342 мың м³. ССС-4 қуаты – тәулігіне 210 мың м³. Аталған жобаны іске асыру 2035 жылға дейін халықты таза ауыз сумен қамтамасыз етуге қажетті қуат береді.

Сондай-ақ, Хусейн бен Талал көшесінен Сығанақ көшесіне дейінгі су құбырын тұйықтау жобасы әзірленіп жатыр. Бұл жоба Тұран даңғылының батысындағы ауданды сумен қамтамасыз етеді. Жобалау жұмысы 2025 жылдың желтоқсанында аяқталады деп жоспарланып отыр», – деп жазды Жеңіс Қасымбек.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button