Қала мен сала

Спортшылар себілікте

Бүгін Елордамыздың төрінде спортшылар «Таза Қазақстан» акциясы аясында өткен жалпықалалық сенбілікке қатысты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Акция аясында спортшылар Хан Шатыр сауда-ойын-сауық орталығының қарсысындағы Ғашықтар саябағын қоқыстан тазартып, тазалыққа деген азаматтық жауапкершіліктерін көрсетті.

– Бүгін біз елге белгілі спортшылармен және олардың жаттықтырушыларымен бірге «Таза Қазақстан» акциясы аясында ұйымдастырылған жалпықалалық сенбілікке шықтық, – деді Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Василий Левит.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың: «Тазалық әр адамнан, әр үйден, әр көшеден және әр қаладан басталуы керек. “Таза Қазақстан” акциясы бір реттік шара болмауы тиіс, ол біздің өмір салтымызға айналуы қажет» деген сөзі – бүгінгі шараның негізгі ұстанымына айналды.

– Біз бұл бастаманы толықтай қолдаймыз. Сондықтан ең алдымен, үлгіні өзіміз көрсетуіміз қажет деп шештік. Қаланы таза ұстау – баршамыздың ортақ борышымыз. Осындай сенбіліктер арқылы біз жастарға үлгі көрсетіп, қоғамдық санада экологиялық мәдениетті қалыптастыруды көздейміз, – деді Василий Левит.

Сенбілікке қатысқандардың арасында халықаралық деңгейде ел намысын қорғап жүрген спортшылар да болды. Атап айтқанда, каратэден қара белбеу иегері, ҚР спорт шебері, Әзия чемпионы Венера Жақсыбаева да сенбілікке белсене қатысты.

– Астана – біздің ортақ үйіміз, туған қаламыз. Оны таза ұстау – әр тұрғынның азаматтық міндеті. Бүгінгі сенбілікке мен де өз үлесімді қосайын деп келіп отырмын. Бұл – жай ғана тазалық акциясы емес, бұл – табиғатқа, қоршаған ортаға деген құрметтің көрінісі, – деді спорт шебері Венера Жақсыбаева.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button