Спортшылар поэзиялық челленджге қосылды

Астанада Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған мерекелік шаралар жалғасуда. Қалада түрлі форматта іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр. Соның ең әсерлі әрі ауқымдысы – қала тұрғындарының өз бастамасымен қолға алынған акция. Олар ұлы ақынның өлеңдерін оқып, оның шығармашылығын насихаттауда, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Челлендж 8 тамызда басталып, нағыз мәдени қозғалысқа айналды: астаналықтар, өнер өкілдері, оқушылар, жастар белсенділері мен әртүрлі мамандық иелері Абайдың шығармаларын оқып, бейнероликтер түсіріп, әлеуметтік желілерде #Абай180жыл және #Abai180 хештегтерімен жариялап жатыр.
Бүгін бұл бастаманы қала спортшылары – ең жасынан бастап танымал спорт шеберлеріне дейін – қолдады. Олар ақынның танымал шығармаларын мәнерлеп оқыды.
Челленджге қатысушылардың айтуынша, ұлы қазақ ақыны әрі ағартушысының сөздері оларды мейірімді, адал болуға, сондай-ақ жігерлілік пен қайраттылыққа тәрбиелейді.