Ел тынысы

Спорт саласында діни экстремизмнің алдын алу мәселелері талқыланды

Астана қаласындағы Qazaqstan жеңіл атлетика спорт кешенінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Руслан Есеналиннің жетекшілігімен спорт ортасындағы діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелеріне арналған кеңейтілген кеңес өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Кеңес жұмысына сондай-ақ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті және спорт федерацияларының өкілдері қатысты.

Кеңес басындағы алғы сөзінде Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Руслан Есеналин діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған бірыңғай тәсілдерді  қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.

“Дене шынықтыру және спорт дені сау, жауапты және тұрақты тұлғаны қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Біздің міндетіміз — спорттағы жетістіктерді дамыту ғана емес, сонымен қатар спорттық ортада идеологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Жаһандық сын-қатерлер жағдайында біз діни және ғылыми топтармен өзара іс-қимылды нығайта отырып, сондай-ақ жастармен жұмысты күшейте отырып, озық әрекет етуге міндеттіміз. Министрлік спорттағы идеологиялық радикалданудың алдын алу жөніндегі саясатты дәйекті түрде жүзеге асыруда және бүгінгі кеңес осы бағыттағы маңызды қадам”,— деді комитет төрағасы.

Кеңес шеңберінде Министрлік жүзеге асырып жатқан спорттық ортадағы деструктивті діни ағымдардың таралуын болдырмауға бағытталған шаралар ұсынылды. Атап айтқанда, мүдделі мемлекеттік органдармен ынтымақтастықта әзірленген 2024-2026 жылдарға арналған дене шынықтыру және спорт саласындағы діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жөніндегі жол картасы бекітілді. Бұдан басқа, осы бағыттағы аккредиттелген спорт федерацияларының жауапкершілігін күшейтуді көздейтін заңнамалық бастамалар қаралды.

Кеңес отырысында Министрлік жүзеге асырып жатқан спорттық ортадағы деструктивті діни ағымдардың таралуын болдырмауға бағытталған шаралар ұсынылды. Атап айтқанда, мүдделі мемлекеттік органдармен ынтымақтастықта әзірленген 2024-2026 жылдарға арналған дене шынықтыру және спорт саласындағы діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жөніндегі жол картасы бекітілді. Бұдан басқа, осы бағыттағы аккредиттелген спорт федерацияларының жауапкершілігін күшейтуді көздейтін заңнамалық бастамалар қаралды.

Талқылау қорытындысы бойынша, жаттықтырушылар құрамымен және спортшылармен бейресми өзара іс-қимылға, спорт федерацияларында жүйелі түсіндіру жұмыстарын жүргізуге, сондай-ақ радикализм көріністерінен ада құндылыққа негізделген ортаны қалыптастыруға басым мән беру қажеттігі атап өтілді.

Идеологиялық қауіптердің алдын алу спорт ұйымдарының күнделікті қызметінің құрамдас бөлігіне айналуы тиіс.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button